Непалдағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін Қазақстанның үшінші азаматы іздестіріліп жатыр

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін Қазақстанның үшінші азаматшасы туралы ақпарат келіп түсті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

СІМ өкілінің айтуынша, қазақстандық дипломаттар екі елдің мемлекеттік органдарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Қазақстан азаматтарын іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын су тасқынынан кейін Қазақстанның екі азаматы хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын.

Қазақстан СІМ мәліметінше, жоғалған екі әйел де табиғи апат болған аумақта болуы мүмкін. Олардың бірі апаттан кейін Непалдан Қытайға өткен туристік топтың құрамында болған. Қазіргі уақытта оның жүрген жерін анықтау мүмкін болмай отыр.

Дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жоғалған азаматтардың туыстарымен тұрақты байланыста.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін