Алматыда әлеуметтік желіде балағат сөз қолданған екі адам жазаланды

Сурет: Zakon.kz.
Біріне айыппұл салынды, екіншісі қамауға алынды. Алматы полициясы әлеуметтік желілерде балағат сөздер қолданған азаматтарға қатысты шара қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық бұзушылықтар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

"Бірінші жағдайда полицияның назарына автоблогер Азамат Каримовтың қатысуымен түсірілген видео ілікті. Кадрларда көлік жарысы көрсетілген. Алайда полицейлердің назарын жарыс емес, блогердің жарияланымдарында үнемі бейәдеп сөздерді қолданатыны аударды. Оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – деп хабарлады Полиция департаменті.

Екінші жағдай да әлеуметтік желідегі материалға қатысты. Пайдаланушының парақшасында балағат сөздер қолданылған видео жарияланған. Тексеру барысында полиция оның авторын анықтады. Ол – Гүлназ Қыпшақбай.

"Қызға да әкімшілік материал толтырылды. Сот Гүлназ Қыпшақбайды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды", – деді полиция.

Полиция әлеуметтік желіде жарияланған материалдар да заң талаптарына сай болуы керектігін ескертті. Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады