Ұлытау облысында қайтарылған активтер есебінен 80 орындық жаңа мектеп ашылды

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі
Білім күні Жаңаарқа ауданының Манадыр ауылында 80 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа білім ошағы "Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" заң аясында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заманауи мектепте оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдай қарастырылған. Білім ошағында 18 оқу кабинеті, робототехника кабинеті, спорт залы, сондай-ақ баскетбол және футбол алаңдары бар.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі

Мектептің ашылу салтанатына Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, облыс Прокуроры Жасұлан Еламанов, облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына және Үкіметтің қолдауына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен құрылған арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен өңірлерде әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бой көтеруде.Ұлытау облысына аталған қордан 20 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, оның есебінен 17-ден астам нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 12-сін биыл жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр", – деді облыс әкімі.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі Бүгінде Ұлытау облысында 86 мектеп жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарында 41 671 оқушы білім алуда. Қазіргі уақытта өңірдің барлық білім ошағы тиісті дайындықпен жаңа оқу жылының жұмысын бастады.Айта кетейік, Манадыр станциясында жаңа мектептің құрылысын жүргізуге арнайы мемлекеттік қордан 1,2 млрд теңге бөлінді.

Қазақстан
Ұлытау облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

1 қыркүйек - Білім күні

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді