Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына қатысты алдын ала мәліметті жариялады.
Белгілі болғандай, көліктің бірінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан.
"Оқиға орнында алты адам қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді", – деп нақтылады полиция департаменті.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және жолдағы қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырамыз", – делінген Жетісу облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.