"Балаңыз дуаланған": полиция алаяқтардың жаңа тәсілін әшкереледі

Фото: Zakon.kz
Полиция қазақстандықтарды қырағы болуға және алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Интернетте өзін "емші", "көріпкел" немесе "балгер" ретінде таныстыратын алаяқтар азаматтарға "балаңызға қатты дуа жасалған" деп айтып, ақшаға "емдеуді және дуаны қайтаруды" ұсынатын жағдайлар жиілеп кетті. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен жақындары үшін алаңдайтынын пайдаланады", – деп хабарлады ІІМ.

Полиция қорқыныш пен үрейге бой алдырмай, алынған ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексеруге кеңес береді. Егер күмәнді жағдайға тап болсаңыз, хат алмасуды және ақша аударғаныңызды растайтын түбіртектерді сақтап қою керек.

"Есте сақтаңыз: алаяқтар адамдардың сенімін, қорқынышын және жақындары үшін алаңдайтынын пайдаланады. "Дуалау", "көз тию", "сиқыршылық" және осыған ұқсас сылтаулармен ақша талап ету алаяқтықтың бір тәсілі болуы мүмкін", – деп ескертті ІІМ.

Осындай жолмен ақша талап еткен азаматтарға және алаяқтардың құрбаны болған адамдарға полиция дереу 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.

3 қыркүйекте Ақтөбе тұрғыны жалған хабарландырулар арқылы адамдарға жоқ пәтерлерді жалға беріп, қомақты ақша тапқаны туралы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді