Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Фото: primeminister.kz
Қазақстанда кейінгі бес жылда шамамен 5 мың шақырым теміржол салынып, жаңғыртылды. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі 30 жылдағы көлемнен екі есеге жуық көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің хабарлауынша, теміржол арқылы транзиттік тасымал көлемі 33 млн тоннаға жетіп, саланың кірісі 3 трлн теңгеден асты.

Қазір Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар және Аягөз – Бақты жаңа теміржол желілерінің құрылысы, сондай-ақ қолданыстағы жолдарды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы үш жылда тағы 2,2 мың шақырым теміржол салу және жаңғырту жоспарланған.

Жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында жыл соңына дейін 191 жаңа вагон жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар 124 теміржол вокзалын реконструкциялау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Қазір оның 100 нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған.

Локомотив паркін жаңарту жұмыстары да жалғасып жатыр. Отандық Alstom және Wabtec кәсіпорындарымен бірлескен өндіріс аясында биыл тамызда 200-ші және 700-ші локомотивтер шығарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды