1,5 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып, қашып кеткен: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды

Фото: pexels
1,5 млн долларға алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Операцияны Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлері мен ІІМ Интерполы Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен жүргізді.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2023 жылғы қараша-желтоқсан айларында Алматыда коммерциялық жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен алдау арқылы жәбірленушіден 1,5 млн доллар көлемінде ақша иемденген.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалаған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды", – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі 2026 жылғы 5 қыркүйекте.

2025 жылғы желтоқсанда ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Енді оған тағылған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған