6 қыркүйекте елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 6 қыркүйек, жексенбі күнгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, негізінен құрғақ ауа райы сақталады.

"Тек елдің батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр және қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін. Сондай-ақ елдің батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында түнде ауа температурасы -1°С-қа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Айта кетейік, еліміздің 11 өңірінің жекелеген аудандарында өрт қаупінің жоғары деңгейі болжанып отыр. Сегіз облыс пен тағы үш өңірдің жекелеген аудандарында өрт қаупі төтенше деңгейге жетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады