Алматыда психиатриялық ауруханадан екі пациент қашып кеткен

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда қалалық психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен екі пациент бірнеше айдан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат 2026 жылғы 7 қыркүйекте әлеуметтік желілерде тарады. Кекілбайұлы көшесінде орналасқан Психикалық денсаулық орталығының екі пациентін полиция мен еріктілер

Нелли Шахрай медициналық мекемеден 16 сәуірде өз еркімен шығып кеткен.

Ал Денис Антипин 13 мамыр күні таңертең қашып кеткен.

Еріктілердің мәліметінше, екеуінің де психикалық денсаулығына қатысты бұзылыстары бар және кеңістікте бағдарынан адасуы мүмкін.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпарат медициналық мекеме пациенттерінің жоғалуына қатысты екі бөлек оқиға екенін хабарлады.

"Ер адам мен әйел медициналық мекемеден әртүрлі күндері кеткен және олардың бір-біріне қатысы жоқ. Екі дерек бойынша да Бостандық аудандық полиция басқармасы іздестіру істерін қозғады. Қазіргі уақытта азаматтардың орналасқан жерін анықтап, оларды медициналық мекемеге қайтаруға бағытталған жедел және іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді полиция.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті