Эльдар Толғанбаев Ақордада жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Эльдар Толғанбаев Қазақстан Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Толғанбаев Эльдар Сейдахметұлы Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды", – делінген құжатта.

Эльдар Толғанбаев 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және Д.А. Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы мәслихаты аппаратының бас маманы қызметінен бастаған. 2005-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығында, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінде түрлі қызметтер атқарған.

2019 жылы жеке құрылымда жұмыс істеген. Сонымен қатар 2019-2020 жылдары "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, 2020-2022 жылдары "Almaty" телерадиокомпаниясы" АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді