БҚО-да полиция 36 бас жылқыны қолды қылған күдіктіні ұстады

Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жалпы құны 14 млн теңгеден астам 36 бас жылқыны ұрлауға қатысы бар 48 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қаратөбе және Сырым аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесіп, ауқымды жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды.

Тергеу барысында күдіктінің еркін жайылымда жүрген жылқыларды айдап, өз ауласына қамап, кейін жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелтіп отырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта полиция күдіктінің жалпы құны 14 млн теңгеден асатын 36 бас жылқыны ұрлауға қатысы бар екенін анықтады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Заңнамаға сәйкес, мал ұрлығы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты