Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 12 қыркүйекте хабарлады.
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президентін Үндістан Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды.
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Еске салайық, бұған дейін Ақорда Қазақстан президентінің 12-16 қыркүйекке жоспарланған жұмыс кестесін жариялады.
Қазақстан президентінің шетелге екі сапары жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев 12-13 қыркүйек күндері Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен баратыны, ал 14-16 қыркүйекте Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен баратыны айтылған.