Тауықтары үшін кек алған алматылық әйел иттерді балталаған

Сурет: pexels
Алматы облысында әйел кек алу мақсатында иттерге қатыгездікпен шабуыл жасаған. Мұны байқап қойған волонтерлер бірнеше жануарды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, волонтерлер "Пчелки" саяжай алқабынан ауыр жарақат алған екі итті тапқан. Жануарлар көшеде жүрген. Жануарларды қорғаушылар жарақаттарына қарап, иттерді балтамен ұрған болуы мүмкін екенін айтты.

Олардың KTK телеарнасына берген мәліметі бойынша, жергілікті тұрғындар бұл жануарларды жиі тамақтандырып тұрған. Жануарларға шабуыл жасады деп күдікке ілінген саяжай тұрғыны жараланған иттер табылған жерге жақын, көрші көшеде тұрады.

Ал әйел болса ештеңені жасырмай, иттерге шабуыл жасағанын мойындаған. Оның айтуынша, бұл әрекет иттердің тауықтарын өлтіргені үшін жасалған жаза болған.

Жергілікті тұрғындар волонтерлермен бірге полицияға арыз жазды. Ал иттер қазір ветеринарлық клиникада ем алып жатыр. Жарақаттары ауыр болғанымен, дәрігерлер олардың жағдайына оң болжам жасап, жануарлардың сауығып кетуіне үмітті.

2026 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстанда жануарларғаарналған панажайлардың жұмысына қатысты жаңа ережелер қабылданғаны белгілі болды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыдағы мейрамханада мас прокурор ұсталды деген ақпарат тарады