Жамбыл облысында шаруа қожалығының иесі шопанды 30 млн теңгенің малын ұрлады деп айыптады

Сурет: видео скрині
Жамбыл облысында шаруа қожалығының иесі малын түгендеу кезінде 250 бас ұсақ малдың жетіспейтінін анықтаған. Ол малды ұрлады деп өзінің жұмысшысын күдіктенген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде мал ұрлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрланған малдың бір бөлігін Т. Рысқұлов ауданы аумағынан тапқан. Жануарларды тану рәсімінен кейін олар заңды иесіне қайтарылды.

"Ұрлыққа шаруа қожалығында жұмыс істеген малшының қатысы бары анықталды. Ол басқа адамдармен алдын ала сөз байласып, мал ұрлауға қатысқан. Сондай-ақ ұрланған малдың бір бөлігі кейін басқа адамдарға 800 мың теңгеге сатылғаны анықталды", – деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.

Қылмыстық іс бойынша үш күдікті ұсталды. Сот санкциясымен олар екі ай мерзімге қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді