Алматыда тотықұстың қанатын қиып, көшеде ақша тапқан

Сурет: pexels
Желіде қанаты әдейі қиылып, ұша алмай қалған тотықұстың видеосы тарады. Құстың иесі оны көшеде ақша табу үшін пайдаланып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі пабликтердің бірінде ер адам Алматы көшелерінің бірінде тотықұс ұстаған әйелді кездестіргенін айтып, видео жариялаған. Құс иесі өтіп бара жатқан адамдарға 5 мың теңгеге "болашақты болжап" береді. Алайда ер адамды бұдан да қатты ашуландырғаны — құстың ұша алмайтыны. Себебі оның қанаттары қиылған.

"Қалада бір әйел тотықұсымен жүріп, адамдарға "тілек тіле" деп ақша алады. Ал тотықұстың қанаттары жай ғана қиылып тасталған. Әрине, байғұс ешқайда ұша алмайды. Қалай ұшсын, қанаты жоқ. Сіздер қалай ойлайсыздар, бұл дұрыс па? Меніңше, жануарға мұндай қарым-қатынас жасау – дұрыс емес", – деді видео авторы.

Куәгер тотықұсты сатып алмақ болып, әйелге ақша ұсынғанын, алайда оның ұсыныстан бас тартып, құстың "ерекше" екенін айтқанын жеткізді.

Оның сөзінше, тірі жанның еркін ұшу мүмкіндігінен айырылған құс енді көшеде ақша табу құралы ретінде пайдаланылып жүр.

"Мұндай "болжамдарға" ақша төлемеңіздер. Адамдар неғұрлым көп ақша төлесе, жануар соғұрлым ұзақ уақыт табыс көзі ретінде пайдаланылады", — делінген жарияланымда.

Алматы облысында бір әйел кек алу мақсатында иттерге балтамен қатыгездікпеншабуыл жасаған. Волонтерлер бірнеше жануарды құтқарып қалды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды