Бұл туралы облыс әкімдігінің сайтында жарияланған ақпаратта айтылған:
"Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың 2026 жылғы 21 қыркүйектегі өкімімен Талғат Аманбайұлы Ерсейітов Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалды".
Талғат Ерсейітов еңбек жолын жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде Астрахан ауданында бастаған. 2009-2012 жылдары аудан әкімінің орынбасары, ал 2012-2017 жылдары Астрахан ауданының әкімі қызметін атқарды.
2017-2019 жылдары Есіл ауданының, 2019-2023 жылдары Буланды ауданының әкімі болды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Талғат Ерсейітов Астрахан ауданының әкімі қызметін атқарды. Бұл ауданға ол 2023 жылғы қараша айынан бері жетекшілік еткен.