Алматы тұрғындары жөндеу жұмыстарына миллиондап ақша төлегенімен, баспанасыз қалды

Сурет: pexels
Алматы тұрғындары жөндеу жұмыстарына шамамен 130 миллион теңге төлеген құрылыс компаниясына шағымданды. Клиенттердің айтуынша, жұмысшылар жұмыстың бір бөлігін ғана орындап, кейін із-түзсіз жоғалған. Енді тұрғындар ақшаларын қайтарып, істің тергелуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz

КТК телеарнасының мәліметінше, тұрғындар жөндеу жұмыстарын интернет арқылы тапқан компанияға тапсырған. Мәселен, Ислам Ордабаев әрлеу жұмыстары жүргізілмеген пәтерін жөндету үшін 7 миллион теңге төлеген. Алайда нәтижесіне көңілі толмаған.

"Мысалы, есіктерді орнатпаған. Есік жоқ. Бамбук панельдері де қойылмаған. Керме төбелер, сантехника мен электр жүйелерінің соңғы әрлеу жұмыстары жасалуы керек еді. Ламинат төседі, бірақ оны дұрыс төсемеген. Астына жай ғана картон салған. Сондай-ақ, жылыту құбырларын орнатты, кейін олар жарылып кетті", – деді Ислам Ордабаев.

Исламның айтуынша, жұмысшылар да, компания басшылығы да із-түзсіз жоғалған. Алматының тағы 20 тұрғыны бірнеше айдан бері олармен байланыса алмай жүр. Тұрғындар компанияға жалпы 130 миллион теңгеге жуық ақша төлегенімен, ақшасыз әрі аяқталмаған жөндеу жұмыстарымен қалған.

Соған қарамастан, компания әлеуметтік желілерде қызметтерін белсенді түрде жарнамалауды жалғастырып отыр. Алайда енді басқа атаумен және Қазақстанның өзге қалаларында жұмыс ұсынып жүр.

"Бірде істі тоқтатады, бірде қайта жалғастырады. Сондықтан біз жиналып, істің объективті тергелуін және сұрақтарымызға жауап берілуін талап етіп отырмыз", – деді Жанна Ильясова.

Тұрғындар тағы да полициядан көмек сұраған. Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс қозғалған. Қазір алаяқтықтан зардап шеккендердің барлығынан жауап алынып жатыр.

Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, Алмалы аудандық полиция басқармасы осы дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

"Қылмыстық-процестік заңнамада көзделген барлық тергеу әрекеті жүргізіледі", – деді ол.

Ал тергеу жүріп жатқанда, тұрғындар пәтерлерін күтіп, күнделікті төлемдерін жасауға мәжбүр. Олардың көпшілігі аяқталмай қалған жөндеу жұмыстарына ақша табу үшін несие алған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін