Емхананың профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Мәдина Ахметқазиеваның айтуынша, күніне шамамен 50 әйел маммографиядан өтеді. Ашық есік күні 250 тұрғын медициналық кеңес алды.
Сурет: "Әділет" партиясы
Атырау облысында сүт безі обыры диагнозымен есепте тұрған әйелдер саны 800-ден асады. Ауруды ерте анықтау үшін профилактикалық тексерулер мен скринингтен тұрақты өту қажет, – деді дәрігер.
Сурет: "Әділет" партиясы
Тұрғын Гүлжихан Қарабалина мұндай шаралардың әйелдер денсаулығын сақтаудағы маңызы зор екенін атап өтті.
Сурет: "Әділет" партиясы
Әйелдер қанатының жетекшісі Айгүл Әмірғалиеваның айтуынша, партия облыс емханаларында ашық есік күндерін, диагностикалық тексерулер мен ақпараттық кездесулер ұйымдастырып келеді.
Әйел денсаулығын қорғау – қоғамның ортақ міндеті. "Әйел өмірі үшін" республикалық айлығы аясында Индер ауданында, Атырау университетінде және №7 емханада бірқатар іс-шара өткізілді. Басты мақсатымыз – әйелдердің өз денсаулығына уақытылы көңіл бөлуіне ықпал ету, – деді Айгүл Әмірғалиева.
Сурет: "Әділет" партиясы