Жарысқа әлемнің 185 елінен командалар қатысты.
"Қазақстандық оқушылар іріктеу кезеңіндегі 11 матчтың барлығында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша құрама әлемдік рейтингте төртінші орынға ие болып, инженерлік даярлығы мен командалық жұмысының жоғары деңгейін көрсетті", – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 12 қазанда.
Сурет: Telegram/oqu_agartu
Айта кетейік, бұған дейінгі төрт жыл қатарынан Қазақстан құрамасы FIRST Global Challenge чемпионатының жеңімпазы атанған.
Сурет: Telegram/oqu_agartu
Оқу-ағарту министрлігінің атап өтуінше, биылғы нәтиже де отандық оқушылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұлттық құрама сапына Алматы қаласындағы М. Ганди атындағы №92 мектеп-лицейдің 9–11-сыныптарында оқитын төрт оқушы – Хусейн Мақсұт, Нұртас Серік, Аспандияр Бердали және Арнур Абдулла, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның оқушысы Ерасыл Ендібай енді.