БҚО-да сот төрт баланы анасынан алып, әкесіне берді

Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында төрт баланың тағдыры шешілді, деп хабарлайды Zakon.kz .

Mgorod.kz басылымының жазуынша, ата-анасы ажырасқаннан кейін үш бала біраз уақыт әкесімен, ал біреуі анасымен тұрған. 2025 жылы бұрынғы ерлі-зайыптылар медиациялық келісімге келіп, төрт баланың да анасымен тұруы туралы шешім қабылдаған.

Алайда отбасындағы тыныштық ұзаққа созылмаған. Әйел басқа ер адаммен бірге тұру үшін қалаға көшіп, ұл-қыздарының тәрбиесіне іс жүзінде көңіл бөлмей қойған.

Сот отырысында ананың балаларды қараусыз қалдырғаны анықталды. Осы әрекеті үшін ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.

Әйел балаларды жаңа серігінің үйіне қайта алып кетпек болғанда, олар бұған қарсылық білдірген.

Психологтың қатысуымен өткен әңгімеде кәмелетке толмаған балалар өгей әкесімен қарым-қатынастары жараспағандықтан, тек өз әкесімен тұрғысы келетіндерін айтқан. Сондай-ақ олар өгей әкесінің жиі қорқытатынын мәлімдеген.

Балаларға тиісті деңгейде күтім жасалмағанын учаскелік полиция инспекторлары да растаған.

Балалардың мүддесін қорғауды ескерген сот әкесінің талабын қанағаттандырып, төрт баланың да тұрғылықты жерін ресми түрде әкесімен бірге деп белгіледі.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін