Болжамға сәйкес, антициклон сілемінің әсерінен еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, ал батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт шығу қаупі сақталады:
Өрт шығу қаупі жоғары – Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде;
Төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында.