Метеорологтар еліміздің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын болжайды.
Шығыста жауын-шашын болып, негізінен қар жауады, көктайғақ болуы да мүмкін.
Бұдан бөлек бүкіл республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.
"Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде, сондай-ақ еліміздің оңтүстігінің таулы аудандарында тұман болатыны болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Болжамда Алматы облысында, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі мен орталық бөлігінде түнде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүретіні айтылады.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша 16, 17 және 18 қазанға арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.