Атап айтқанда, болжам бойынша республикамыздың төрт өңірінде түнде суық болып ( -1...-8°С), үсік жүреді деп күтіледі:
- Алматы облысында;
- Жетісу облысында;
- Жамбыл облысының батысында, шығысында;
- Қызылорда облысының солтүстігінде.
"Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және қиыр батысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығыста, солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:
- жоғары өрт қаупі – Атырау облысында, Маңғыстау облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында.
Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша 17-23 қазан аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Сондай-ақ еліміздің шығысына қар түскенін жазғанбыз.