"Қар, көктайғақ, үсік". Сенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
Қазақстанның 17 облысында 2026 жылдың 17 қазанында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің аталған өңірлердегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 17 қазанда күндіз шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Жетісу облысында 3-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда 17 қазанда түнде 6-8 градус суық болып, үсік жүретіні болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында аздап жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсетіні болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 17 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, көктайғақ болады, күндіз облыстың аталған өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ байқалады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 17 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 17 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, өңірдің аталған өңірлерінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 17 қазанда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, ал облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 17 қазанда тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда 17 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте және Түркістанда 17 қазанда түнде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал түнде және таңертеңгі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың батысы мен шығысында 2 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады, аталған өңірлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 17 қазанда күндіз шаңды дауыл тұрады, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында түнде 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Алматыда және Қонаевта 17 қазанда түнде топырақ беті қатып, 1-3 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласы бойынша 17-23 қазан аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Сондай-ақ еліміздің шығысына қар түскенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

"Жаңбырдың арты қарға ұласады". Алматыда ауа райы күрт бұзылады