Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі шағын құрамда келіссөз жүргізді

Сурет: akorda.kz
Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, бұл сапар екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретінін және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективасына жол ашатынын айтты.

– Сапарыңыздың тарихи мәні зор деп санаймын. Өйткені бұған дейін Камбоджа премьер-министрлерінің Қазақстанға жолы түспеген. Ал Сіздің қазақ жерімен жеке байланысыңыз бар. Әкеңіз 1982 жылы елімізге келген екен. Бүгін екіжақты қарым-қатынастың ауқымды мәселелерін талқылаймыз. Қазақстан халқының еліңізге ықыласы ерекше. Көптеген отандасымыз Камбоджаға барып, оның көрікті жерлерімен танысқысы келеді. Елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтауымыз қажет. Сондай-ақ гуманитарлық саладағы байланыстарды жандандырғанымыз жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан мен Камбоджа табиғи байлығы мол елдер санатында екенін және аталған саладағы ықпалдастықты кеңейтуге болатынын айтты.

Сонымен қатар келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылатынын жеткізді.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Шымкенттегі дүрбелеңнен кейін Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертінің уақытын өзгертті

Дастан Сәтпаевтың "Бернли" сапындағы ойынына баға берілді

Канадада өтетін шорт-тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Елдің алты қаласында ауа ластанады

Астанада тұрғын үй кешенінде лаң салған жартылай жалаңаш ер адам видеоға түсіп қалған