"Лента.ру" басылымының 2026 жылғы 19 қазандағы мәліметінше, Новосібірден Махачкалаға бағыт алған ұшақ бортында 173 жолаушы болған.
Қазір олар әуежайдың стерильді аймағында орналасқан. Техникалық ақауға байланысты экипаж Омбы қаласындағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдаған.
"Рейсті жалғастыру үшін Новосібірден қосалқы ұшақ жіберілді. Оның Омбыға жергілікті уақыт бойынша сағат 16:25-те жетуі күтіледі. Жолаушылар Махачкалаға сапарын қосалқы әуе кемесімен жалғастырады", – деп хабарлады S7 баспасөз қызметі.