Сотта анықталғандай, ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылар қайтадан бірге тұра бастаған. 2025 жылдың тамызында жанжал кезінде ер адам әйелдің бетінен бірнеше рет ұрған. Әйел есінен танып қалған, кейін оның қолы сынғаны анықталған.
"Қыркүйекте олардың арасында тағы да жанжал туындаған. Әйел қолының ауырып тұрғанын айтып, дәрігерге қаралуы керектігін жеткізгенде, ер адам оны балағаттап, итеріп жіберген. Содан кейін кәмелетке толмаған баласын алып, пәтерден шығып кеткен", – деп хабарлады 2026 жылғы 21 қазанда Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот ер адамды денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныды. Ол өзін ақтауды сұрап, апелляциялық шағым түсіргенімен, апелляциялық алқа сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.
Ал Ақтөбеде жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Полиция әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның 28 жастағы танысы ұсталды.