Оралда жүк көлігі қағып, ауыр жарақат алған балаға 10 млн теңге өтемақы тағайындалды

Фото: pexels
Орал қаласының №2 соты жүк көлігі қағып, ауыр жарақат алған баланың анасының талап-арызы бойынша шешім шығарды. Сот КамАЗ жүргізушісін балаға келтірілген моральдық зиян үшін 10 млн теңге төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mgorod.kz басылымының мәліметінше, КамАЗ жүргізушісі баланы қағып кеткен. Салдарынан бала ауыр жарақат алып, оған бірінші топтағы мүгедектік белгіленген. Қазір ол өздігінен жүріп-тұра алмайды.

"Заң бойынша көлік иесі жоғары қауіптілік көзі иесі ретінде келтірілген зиян үшін жауап береді. Баланың анасы соттан моральдық зиян үшін 60 млн теңге өндіріп алуды сұрады", – деп түсіндірді сот өкілдері.

Судья жарақаттың ауырлығын, ұзақ уақыт емделу қажеттігін, сондай-ақ баланың және оның отбасының тартқан азабын ескерген. Нәтижесінде талап-арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкерге 10 млн теңге төлеу міндеттелді.

Ал материалдық шығынды өтеу туралы талап қанағаттандырылмады. Себебі бұл шығындарды сақтандыру өтеген. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Балқашта жасөспірімдердің ер адамды ұрып өлтіргені туралы жазған едік.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған