Күн суығанда қауіп артады: ТЖМ көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметі көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады. Ведомство қыс мезгілінде автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, күн суытқан кезде автокөліктерде өрт шығу қаупі артады.

"Төмен температура, электр сымдарының ақауы, жанармайдың ағуы және жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбау көліктің өртенуіне себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды ескертеді", – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өрттің алдын алу үшін автокөліктің техникалық жағдайын жүйелі түрде тексеріп, әсіресе электр сымдарының, жанармай жүйесі мен газ жабдықтарының жарамдылығына назар аудару қажет. Қозғалтқышты ашық отпен жылытуға, қолдан жасалған жылыту құрылғыларын пайдалануға және көліктің электр жүйесіне шамадан тыс күш түсіруге болмайды.

Сонымен қатар әр жүргізушінің көлігінде жарамды өрт сөндіргіш болуы және оны қолдану тәртібін білуі керек.

Күйік иісі, түтін немесе өрт белгілері байқалған жағдайда көлікті дереу тоқтатып, қозғалтқышын өшіру, жолаушылармен бірге көліктен шығып, қауіпсіз жерге алыстау қажет. Оқиға туралы "101" немесе "112" нөмірлеріне хабарлау керек.

"ТЖМ автокөлік иелерін сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға, көлік құралдарына уақтылы техникалық қызмет көрсетуге және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау өмірді, денсаулық пен мүлікті қорғауға көмектесетінін ұмытпауға шақырады", – деп түйіндеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 19 қарашада Астанада жүк көлігі өртенген болатын. Оқиға туралы хабарлама "112" жедел қызметінің пультіне Рябиновая көшесінен түскен. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа уақытта сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады

"Күн жауын-шашынды болады". Еліміз бойынша 20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Таразда кеңес жауынгерлеріне арналған мемориалды бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

"Күн райы күрт бұзылады". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды