Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шықты

Фото: inform.kz
Данэлия америкалық әнші Андра Дейдің Rise up атты композициясын орындады.

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шықты, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Жексенбі күні телеарнада конкурстың жартылай финалы көрсетілді.

«Сенгім келмейді, мен - финалдамын!!! Қолдағандардың барлығына, әсіресе ұстазым Дима Монатикке шексіз алғыс айтамын», деп жазды жас әнші Инстаграмдағы парақшасына.

Алматының 10 жастағы тумасының өнерін тамашалаған қарсыластары да, ұстазы да, қазылар алқасы да сезімдерін жасыра алмады.

Данэлия жартылай финалда америкалық әнші Андра Дейдің Rise up атты композициясын орындады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады