Әуелбекованың тобында ән салатын қыз Томиристің жас кезін сомдайтын болды

Stan.kz
Томиристің 15 жастағы кезін сомдайтын актрисаның кім екені белгілі болды.

Ақан Сатаев тарихи “Томирис” фильмінде басты рөлді сомдайтын актерлерге іріктеуді аяқтады. Режиссер сақ патшайымының рөліне қыздарды таңдау барысында олардың біліміне емес, талантына мән берген ұқсайды. Себебі басты рөлдегі Альмира Тұрсынның мамандығы – психолог. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ, Томиристің 15 жастағы кезін сомдайтын актрисаның кім екені белгілі болды. Ол жуырда ғана Мөлдір Әуелбекованың “Nazar” тобына қабылданған Салтанат Серкебаева.

“Мінекейіңіздер жаңалық! Ақан Сатаев ағамыздың тарихи “Томирис” туындысына басты рөлге іріктеу аяқталды! Мен үшін еселенген қуаныш! “NAZAR” тобының мүшесі Серкебаева Салтанат Томиристің жастық шағын сомдауға бекітілді! Салтошым менің сәттілік серігің болсын! Анаңды, бізді, халқыңды өнеріңмен қуанта бер! Ұжымға біздің ұжым атынан сәттілік тілейміз!” – деп бөлісті Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады