Ерке Есмахан: Мен кино әлеміне келдім, енді кете алмаймын-ау

Stan.kz
Бұл туралы Ерке өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Кинофильм түсіруді қолға алған Ерке Есмахан алғашқы туындысының түсірілім жұмыстарын аяқтады. “Кафе махаббат” атты фильмнің түсірілімі бір айға жуық уақыт Жамбыл облысы және Алматы қаласы аумағында жүргізілген, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Ерке өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ол кино әлемінен енді кете алмайтынын мәлімдеді.

“8 сәуір күні басталған біздің “Кафе Маxаббат” кинотуындымыздың түсірілім жұмыстары аяқталды. Мен кино әлеміне келдім, енді кете алмайм-ау… Далаға шықсамда кете алмайм! Бір ай бойы Шу қаласының маңында, кейін Алматыда өткен кинотүсірілім өте қызықты өтті.

Командамыз мықты. Кәсіби жағы былай тұрсын, барлық әріптестерім жеке-жеке тамаша жандар! Әрқайсысына бауырымдай бауыр басып, жақын достасып алдым. Түсірілім бітті! Алда монтаж жұмыстары, сосын көрсетілім! Ал бүгін алғашқы киномыздың құрметіне бешір! Шайқас отырыс болайын деп тұр”, – дейді Есмахан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды