Абай Бегейдің қашан үйленетіні белгілі болды

today.kz
Өнер иесінің үйлену тойы 2 шілде күні Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтеді

Таяуда әнші Абай Бегейдің екінші рет үйленетіні жайлы ақпарат пайда болды. Жеке өмірі туралы жан баласына жақ ашпай жүрген өнер иесінің құпиясын әріптесі Меруерт Түсіпбаева ашқан болатын, деп жазады Stan.kz.

Желідегі парақшасында шақыру билетінің суретін жариялап, артынша өшірген Түсіпбаеваға Абай Бегейдің өзі қолқа салған көрінеді.

Әнші елдің сөзінен тартынса керек, жақын күндері отбасын құратынын жарияламады.

Ал өнер иесінің үйлену тойы 2 шілде күні Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтеді екен.

Айта кетейік, осыдан бірер жыл бұрын жұбайынан айырылып қалған болатын. Өнер иесінің алғашқы некесінен төрт перзенті бар. Әнші былтырғы жылы тұңғышы Еркені ұзатқан болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады