Альварес Қазақстан футболы жайлы пікір білдірді

Sputniknews.kz
Андорра бапкері қазақстандықтар жылдамдық мен техника жағынан басым болғанын мойындады.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Андоррамен кездесіп, 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Андорра бапкері жеңілістің себебін түсіндіріп, Қазақстан футболының деңгейі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кольдо Альварестің пайымынша, Қазақстан командасы өз шәкірттерінен бір бәс жоғары екенін байқатқан. Бапкер қарсыластары жылдамдық мен техника жағынан басым түскенін мойындады.

"Әуелде біз анау айтқандай нашар ойын көрсеткен жоқпыз. Үшінші голдан кейін, яғни автогол мен бір ойыншымыз қуылғаннан соң, жағдай қиындай бастады. Допқа иелік ете алмаған кезде, қатал ойын қорғану әдісімізге айналып кетті", — деді Альварес.

Бапкер Андорра құрамасы жасанды алаңда күнде ойнап жүрмегенін атап өтті. Алайда команда кез келген жағдайда ойнауға дағдыланған, деп түйіндеді ол.

Шымкенттік клуб "Барселонаны" жеңіп, тосынсый жасады

Андорра командасы "Астана Аренада" ойсырай ұтылды. Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі қарымта кездесу 4: 0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Еркебұлан Сейдахмет (21-минут), Бауыржан Тұрысбек және Роман Мұртазаев (74) гол соқты, бір автогол болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы