Ғалым Карл Байпақовпен қоштасу рәсімінің уақыты мен орны белгіленді

bnews.kz
Азаматтық жаназа дүйсенбі күні Ғалымдар үйінде өтеді.

Қазақстанның біртуар ғалымы Карл Байпақовпен қоштасу рәсімі дүйсенбі күні Алматыдағы Ғалымдар үйінде өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тегі өзінің парақшасында жазды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Достар, біртуар ғалым Карл Молдахметұлы Байпақовтың азаматтық жаназасы дүйсенбі күні 26 қарашада Алматыдағы Ғалымдар үйінде өтеді. Басталуы 10:00-де", - деп жазды министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ғалым, археолог, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҒА академигі Карл Байпақов қайтыс болды. Ол 1940 жылы Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды