Мейрамбек Беспаев Қазақстан президенті сайлауалды науқаны кезінде өзіне қатысты туындаған ыңғайсыз жайтқа байланысты пікір білдірді. Бұл туралы әнші TalkLike бағдарламасына берген сұқбатында айтты деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ол кезде желідегі комментарийлерге қарап, шошып кеттім. "Ой, мына әртістердің бәрі сол, ең ақыры Мейрамбек - сен де сондай боп кеттің бе" деп жазып жатты. Кінәсі жоқ ата-бабама дейін боқтап тұрып жазғандар бар екен. Ата-бабама тіл тигізгені үшін ашуланып кеттім де, жаздым. Мен сайлау штабында болуға өз келісімімді берген жоқ едім дедім. Әлі сайлау болмаған ғой ол кезде. Мен оны басыну деп түсініп қалдым. Өйткені менің сыртымнан аты-жөнімді анда-мында тықпалап жатыр екен. Бірақ содан кейін олар бірден өз қателіктерін түсініп, менен кешірім сұрады.
Саясатты жақсы түсінбегеннен кейін оған бара бергім келмейді. Бірақ өз ойымды бүкпесіз айта аламын. Өзіме қатысты, өнерге қатысты ашық ой айта аламын. Ал саясатқа жоқпын. Мысалы, қазіргі көп депутаттардың аты кім екенін де білмейді екенмін. Енді біліп келе жатқанда ауысып кетеді, тағысын тағы дегендей. Сондықтан солардың қасында жүруге аса құмар емеспін. Оның орнына гастролдетіп жүргенді жақсы көремін, әсіресе. Елдің ішінде жүрсем, жаным жадырап қалады. Биліктің де маған құмартып тұрғаны шамалы. Олардың қолшоқпары бола қоямын деп ойламаймын. Бірақ шақырса концерт қоюға, барамын. Ал қолдау-молдау дегенді онша түсінбеймін. Бағдарламасын да білмеймін. Жақсы білмейтін дүнием болмаған соң мен қоя салдым. Бірақ бар әншілер, саулауда үміткерлердің сенімді өкілі боп қатысқан...», - дейді ол.
Айта кетсек, Мейрамбек Бесбаев Қазақстан президенті сайлауалды науқан кезінде өзінің төртінші билік өкілдеріне деген ренішін білдірген еді. Өйткені отандық сайттардың бірі Мемлекет басшысының сайлауалды штабының сенімді өкілдерінің ішінде өнер майталмандарының бар екенін жазған. Сол тізімнен өз есімін байқаған әнші бұған өзінің наразалығын білдіріп, Инстаграмдағы парақшасында жазба жариялаған. Артынан оны әнші өшіріп тастап еді.