Қайрат Нұртас Димаш секілді Джеки Чанмен жолығуды армандайтынын айтты

Инстаграм
Бұл туралы әнші желіде жазба жариялады.

Джеки Чанның фестивалінде өнер көрсетіп, атақты актердің қонағы болған Димашқа Қайрат Нұртас өз тілегін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші Қайрат Нұртас Димаш секілді Джеки Чанмен жолығуды армандайтынын айтып, Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

"Менің бала кезден арманым Джеки Чанмен өмірде кездесу еді, маған әлі бұйырмады, бірақ Димаш бауырыма бұйырып, талантымен бүкіл дүние жүзін таң қалдырып жатқанына қуаныштымын! Алланың құдіреті шексіз ғой шіркін! Басыңнан бағың таймасын Димашжан!" деп жазды ол.

Айта кетсек, алдыңғы демалыс күндері Димаш Джеки Чан экшн-фильмдері V халықаралық фестивалінің ашылу салтанатында өнер көрсету үшін Қытайға барған. Димаштың өнеріне тәнті болған Джекидің видеосы да желілерде кеңінен тараған еді. Осы кештен кейін атақты актер Димашты қонақ еткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Менің бала кезден арманым Джеки Чанмен өмірде кездесу еді, маған әлі бұйырмады, бірақ Димаш бауырыма бұйырып, талантымен бүкіл дүние жүзін таң қалдырып жатқанына қуаныштымын! Алланың құдіреті шексіз ғой шіркін????❤! Басыңнан бағың таймасын Димашжан✊! @kudaibergenov.dimash

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды