Әбдіжәміл Нұрпейісовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді

city04.kz
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", делінген ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 26 қазанда қол қойған Жарлығында.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов - 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысының, Арал ауданының, Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосып жүрген суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. "Қан мен тер" трилогиясы, "Соңғы парыз" дилогиясы Ә.Нұрпейісовтің ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің табысы. Жазушының ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғары бағасына ие болды. Жазушы ретінде "Еңбек Қызыл Ту", "Құрмет белгісі", Қазақстан мемлекетінің "Отан" орденімен марапатталған.

Ол – КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Бұл мәртебелі сыйлықты жазушылардан Қазақстанда үш қаламгер : Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жұбан Молдағалиев қана алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды