"Көптен күттік!". Димаш Лара Фабианмен қосылып ән шырқады

видеодан алынды
Димаш "Ti amo cosi" әнін Лара Фабианмен және ресейлік опералық сопрано әншісі Аида Гарифуллинамен қосылып шырқады.

Димаш Құдайберген Мәскеудің мұзайдынында өткен Игорь Крутойдың мерейтойлық концертінде танымал опера әншілерімен бірге ән шырқады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш "Ti amo cosi" әнін Лара Фабианмен және ресейлік опералық сопрано әншісі Аида Гарифуллинамен қосылып шырқады.

Оның видеосы Димаш Құдайбергеннің Іnstagram-дағы парақшасында жарияланды.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген жарқ етіп, Қытайда алғаш танылған кезде әлемдік деңгейдегі мықты әнші Лара Фабиан онымен бірге ән салуға ниетті екенін білдіріп еді. Бірақ арадағы келісімшарттарға байланысты бұл сол кезде мүмкін болмаған. Міне, араға 1,5 жыл уақыт салып, Димаш Лара Фабианның жанынан табылды. Жанкүйерлер бұл көріністі көптен күткенін айтып, "Димаштың орны әлемдік сахна әрі ол осындай әлемдік деңгейдегі әншілермен иық тіресіп ән салуы керек" деп жарыса жазып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Перед началом шоу #втбарена #втбдинамо #димашкудайберген #игорькрутой #вжизниразбывает65 #фигуристы #олимпийскиечемпионы

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

@igorkrutoy65

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды