Мемлекет басшысы Роза Рымбаева мен Тұрсынбек Макишевті жоғары наградамен марапаттады

Оларға жоғары дәрежелі ерекше марапат белгілері табысталады.

Мемлекет басшысы Роза Рымбаева мен Тұрсынбек Макишевке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК әртіс Рымбаева Роза Қуанышқызына жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылады.

"Жоғары дәрежелі ерекше марапат Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін беріледі", делінген Жарлықта.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы – "Жезқазғантүстімет" ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы Макишев Тұрсынбек Шамбулұлына жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылады.

" Жоғары дәрежелі ерекше марапат өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін беріледі" делінген Жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: