Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру ұсынылды

weproject.media
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беріп, облыс орталығын Түркістан қаласы етті.

Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Өткен жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беріп, облыс орталығын Түркістан қаласы етті. Бұл бүкіл аймақтың дамуына себеп болды. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы заңға сәйкес, республикалық маңызы бар қала мәртебесі халқы миллион адамнан асатын қалаларға немесе ерекше мемлекеттік маңызға ие қалаға беріледі. Біз Семейді ерекше маңызы бар қала деп санаймыз. Сондықтан біз Семейге ерекше мәртебе беру туралы мемлекет басшысының атына ұсыныс жасауды сұраймыз, - деді депутат Азат Перуашев.

Мәжіліс депутаты Семей ұлы Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің, Әлихан Бөкейхановтың ғана туған жері емес, сонымен бірге ол "Алаш Орда" ұлттық идеологиясының бесігі екенін еске салды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек