"Рухани жаңғыру" бағдарламасының биылғы жоспары бекітілді

newtimes.kz
Былтыр "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Туған жер" жобасымен 60 миллиард теңгеге бір мыңнан астам әлеуметтік нысан бой көтерген.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының осы жылға арналған жоспары бекітілді. Биыл ол ұлттық бірегейлік және прагматизм сынды идеологиялық құндылықтарды насихаттау бағытында жұмыс істейді дейді Қырымбек Көшербаев, деп хабарлайды "Хабар-24".

Мемлекеттік хатшының сөзінше, өткен жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Туған жер" жобасымен 60 миллиард теңгеге бір мыңнан астам әлеуметтік нысан бой көтерген. Ал жобаны қаржыландыру 2018 жылмен салыстырғанда былтыр 40 процентке қысқарған. Мемлекеттік хатшының мәліметінше, бұл аймақтардағы атқарылған жұмысты қатаң тексеру нәтижесінде мүмкін болды.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Кейбір өңірлерде бағдарламамен мазмұндық жағынан сәйкес келмейтін шараларды "Рухани жаңғыру" есебіне енгізу де кезедеседі. Мұндай науқаншыл әрекеттер бағдарламаның және биліктің беделіне нұқсан келтіреді. Әсіресе бағдарламаның құнын түсіреді. Барлық атқарушы органдар бағдарламаны іске асыруда білім және ғылымға құштарлық, еңбексүйгіштік, ұлттық және өркениеттік құндылықтарды насихаттау сияқты шараларға басымдық беру керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты