Димаш Мәскеуде стадион толы адам жинап, концерт берді

newsmuz
Бұл - Димаштың Мәскеудегі екінші жеке шоу концерті, бірақ стадиондағы – алғашқысы.

Дүйсенбі күні Димаш Құдайберген Мәскеудегі стадион – "Мегаспорт" сарайында алғаш рет концерт берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл - Димаштың Мәскеудегі екінші жеке шоу концерті, бірақ стадиондағы – алғашқысы.

Концерт бағдарламасы бұрынғыдан ерекше арнайы эффектілермен және репертуарларымен біршама ерекшеленді. Мәселен, әннің сөзін канадалық әнші Лара Фабиан жазып, ал музыкасын орыс композиторы Игорь Крутой қойған ән бірінші рет осы сахнада орындалды.

Мен бала кезімнен Игорь Яковлевичпен жұмыс істеуді армандайтынмын, Дмитрий Хворостовский, Лара Фабиан, Андреа Бочелли және басқа да әлем жұлдыздары ән салатын ортаға қатты енгім келетін, - деді Димаш концерті алдында берген сұхбатында.

Әншінің "Мегаспорт" аренасындағы концертін көруге әртүрлі шетелден жанкүйерлері келді. Коронавирус жұқтыру қаупіне қарамастан. Жанкүйерлердің арасында маска кигендері де болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады

Электр энергиясына арналған шекті тарифті бекіту: өзгерістер енгізілді

Алматы маңындағы көрікті жерлер