"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жоспарланып отыр.

Биыл "Дарын" сыйлығын алуға 160-тан астам үміткердің құжаттары келіп түсті, өтінімдер 29 сәуір мен 10 тамыз аралығында қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР АҚДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жоспарланып отыр.

1992 жылдан бастап 264-тен астам талантты жас сыйлықтың лауреаттары атанды. Әр жылдары Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Денис Тен, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк, "Муз АРТ" тобы, Қалқаман Сарин, Элизабет Тұрсынбаева, Әділхан Макин және т.б. азаматтар сыйлықтың иесі атанды.

Жеңімпаздарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы беріледі, диплом, төсбелгі және 600 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етіледі.

2020 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы номинацияларының иегерлері:

Ғылым: Мұқатаев Жүсіпбек, Әшімова Әсем

Эстрада: Болсанбек Дәрия, Кенішқалиев Бексұлтан

Классикалық музыка: Дүйсембаев Қалқаман,Мүсірғалиева Жібек

Халық шығармашылығы: Мұқият Асқар,Түрікпен Күнсұлу

Әдебиет: Шеризатов Арман

Театр және кино: Серіков Әбілмансұр, Валиуллиев Жасқайрат

Спорт: Галышева Юлия, Кенжеғалиев Жігер

Дизайн және бейнелеу өнері: Әбішев Ардақ, Тоқтасынова Ақбота

Журналистика: Мыңбаев Рауан, Сартбаева Әсем

Қоғамдық қызмет: Споткай Максим, Болысов Тоқтар

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: