Димаш Қазақстанның денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты

видеодан алынды
Бұл туралы C.U.R.E үкіметтік емес қайырымдылық қорының президенті Дуглас Джексон мәлім етті.

Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы C.U.R.E үкіметтік емес қайырымдылық қорының президенті Дуглас Джексон мәлім етті.

"Димаш C.U.R.E жобасының амбассадоры ретінде Халықаралық әйелдер күнін онлайн форматтағы тойлау шарасына қатысып, ән салды. Одан түскен шамамен жарты миллион доллар ақша дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсау үшін Қазақстанға табысталады", - деді ол.

Онлайн форматта өткен шарада Димаш сөз сөйледі. Одан соң қиын-қыстау - пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне арналған әнінің бейнебаяны көрсетілді.

"Димаш жылдың басында онлайн концерт өткізді. Одан түскен табыстың бір бөлігін ол Қазақстанның денсаулық саласына берді. 500 миллион доллар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмсалатыны айтылды. Осы жағдай біздің онымен жақын танысуымызға түрткі болды. Сөйтіп оны өзіміздің бас амбассадорымыз ретінде тағайындадық. Оның медицина қызметкерлерінің жанкештілігі мен қаһармандығына арналған әні бар" делінеді қосымша ақпаратта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз