Ескендір Хасанғалиев әйелімен бірге жан сақтау бөліміне түсті

видеодан алынды
Олардың коронавирус жұқтырғаны айтылады.

Халық әншісі Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл мәліметпен әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram парақшасында бөлісті.

"Барынша сақтансақ та, қанша қорғансақ та, коронавирус деген жаман дерт ата-анамызды да айналып өтпеді. Қасиетті Ораза айының қарсаныңда бар тілеуім, бар арманым, үлкен кісілердің тезірек жазылып, емдері шипа болып, арамызға қайтып келгені. Дәрігерлер де барын салып жатыр. Оларға сенімім мол. Аминь! Алла тағала қолдап жүрсін", делінген 10 сәуірдегі жазбада.

Ал бүгінгі - 22 сәуірдегі жазбасында ол ата-анасының жан сақтау бөліміне түскенін хабарлапты.

"Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтқан: «состояние стабильное,без ухудшения» - деген сөзі көп үміт және сенім береді. Алла тағала қолдасын", деп жазды Біржан Хасанғалиев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы