Алматыда 8 шілдеде таңертең танымал қазақстандық режиссер әрі сценарист Сатыбалды Нарымбетов өмірден озды, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол 75 жаста еді.
Қайғылы хабарды Мәдениет министрлігі растады.
Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған. Отандық танымал кинорежиссер, жазушы.
Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын (1969 жылы) бітірген.
1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген.
Жан Виго атындағы Халықаралық кпубтың мүшесі (Париж қаласы).
КСРО Жазушылар одағының мүшесі.
ҚР Жазушылар одағының мүшесі.
Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (1996).
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005).
Еңбек жолы:
1969 жылдан “Қазақфильм” студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті.
1970 жылдан - "Қазақфильм" киностудиясының кинорежиссері.
2005 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Дебют" бірлестігінің жетекшісі.
Фильмдері:
Балаларға арналған “Шоқ пен Шер” фильмінің сценарийін (1971 жылы) жазды.
“Құрманғазы” атты деректі фильмі (1972 жылы)
“Зауал” (1981 жылы)
“Күзгі бұралаң жол” (1984 жылы) қысқа метражды фильмі
“Ұрын келген күйеу” (1987 жылы)
“Созақтан шыққан Гамлет” (1990 жылы)
“Көзімнің қарасы”
“Жас аккордеоншының өмірбаяны” (1994 жылы, Анапа қаласында өткен 3-Бүкілресейлік “Кино-Шок” кинофестивалінің жүлдесі, Халықаралық кинофестивалі жюриінің дипломы, Франция, Анже (1995 жылы); Француз кино өнері академиясының сыйлығын (1996 жылы),
“Омпа” (1998 жылы)
тағы басқа көркем фильмдерді қойды.
Шығармалары:
“Тентек” (1968 жылы)
“Ассалаумағалейкум, Атлантида!” (1981 жылы) атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген.
Марапаттары
Анапа қаласында өткен ІІІ- Бүкілресейлік "Кино-Шок" кинофистивальінің жүлдегері;
1995 жылы Францияның Анже қаласында өткен Халықаралық кинофистивальінің қазылар алақасының құрметті грамотасының иегері;
Фрацуз кино өнері академиясының "Жорж Сэдуль" атындағы құрметті сыйлығының иегері;
1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Құрмет ордені" берілді.
2000 жылы Тәуелсіз "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері.
2005 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі;
2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігініе 25 жыл" медалі.