Covid-2019: Әуежайлар мен темір жол вокзалдарында тексеру күшейтілді

polisia.kz
​Еліміздің әуежайлары мен темір жол вокзалдарында азаматтардың ковид-мәртебесін “Ashyq” қосымшасы арқылы тексеру, сонымен қатар ПЦР-тесттердің және вакцинация паспорттарының шынайылығына тексеру күшейтілді.

ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ПЦР анықтамаларын және вакцинация паспорттарын қолдан жасау және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша барлық шаралар қабылдауда, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, жыл басынан бері ішкі істер органдарымен жалған ПЦР-тесттерін сату және пайдалану бойынша 45 қылмыстық іс және вакцинация паспорттарын сату және пайдалану бойынша 35 қылмыстық іс қозғалды. ​Еліміздің әуежайлары мен темір жол вокзалдарында азаматтардың ковид-мәртебесін “Ashyq” қосымшасы арқылы тексеру, сонымен қатар ПЦР-тесттердің және вакцинация паспорттарының шынайылығына тексеру күшейтілді.

​Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, Алматы қаласындағы халықаралық әуежайда көлік полицейлері әуежай қызметкерлерімен бірлесіп, Түркия мемлекетінде демалуға ұшып баруды жоспарлап, ПЦР-анықтамаларды және билеттерді бейтаныс адамнан сатып алған жігіт пен қызды анықтады.

Сондай-ақ ол жалған ПЦР-тест анықтамасын пайдалана отырып, Беларусь Республикасына ұшпақ болған Шымкент қаласының тұрғынының ұсталғандығы туралы фактіні де айтты. – Олар ұшуға жіберілген жоқ. Осы аталған фактілер бойынша Қазақстан Респуликасы Қылмыстық кодексі 385-бабының 3-бөлігімен (Көрнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деді О. Бекеев.

ҚР ІІМ жалған құжат дайындағандары үшін төрт жылға дейнгі бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін және оны пайдаланғандар үшін 40 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев