ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сейітжан Тәжібаев өмірден озды

pixabay.com
Байтұрсыновты, Қодарды және өзге де классикалық шығармалардың басты рөлдерін сомдаған Сейітжан Тәжібаевтың жарқын бейнесі өнер сүйер қауымның жүрегінде мәңгі сақталмақ.

Павлодар облысында Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының негізін қалаушылардың бірі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сейітжан Тәжібаев өмірден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

3 тамызда қазақ өнері ауыр қайғыға душар болды. Сейітжан Тәжібаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Сейітжан Айтқожаұлы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Консерваторияның актерлық факультетін тәмамдаған. 1977 жылы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында қызмет еткен.

1990 жылдан бастап өмірінің соңына дейін облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында жұмыс істеді.

Сейітжан Тәжібаев 1999 жылы Қарағанды қаласында VII Республикалық театрлар фестивалінде Мұхтар Шахановтың "Отырар дастаны" спектакліндегі Шыңғысхан рөлі үшін лауреат атанды.

2002 жылы "Ерен еңбегі" медалімен марапатталды.

2008 жылы Ақтау қаласында өткен Республикалық фестивальде Э.Филиппоның "Филумена Мартурано" спектаклімен қатысып І-орынға ие болды.

Байтұрсыновты, Қодарды және өзге де классикалық шығармалардың басты рөлдерін сомдаған Сейітжан Тәжібаевтың жарқын бейнесі өнер сүйер қауымның жүрегінде мәңгі сақталмақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты