Елбасы Сұлтан Оразалиннің қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді

ortalyq.kz
Елбасы шебер ұйымдастырушы, сұңғыла сұхбатшы ретінде көпшіліктің ықыласына бөленген абзал азаматтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Елбасы белгілі жазушы, тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалинның дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Сұлтан Шәріпұлы саналы ғұмырын әдебиет пен мәдениетке, әсіресе қазақ телевизиясы мен радиосының өркендеуіне арнады. Сонымен қатар егемендік жылдары бірқатар жауапты мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарып, қаламгерлік пен қайраткерліктің тізгінін тең ұстаған талантты тұлға, майталман маман болатын. Оның қоғамдағы көкейкесті мәселелерді арқау етіп, әлеуметтік астарын аша білген айшықты авторлық бағдарламалары мен әдеби-мәдени хабарлары, танымдық телеқойылымдары, мазмұнды кітаптары қашан да өз құндылығын жоғалтпасы анық", – делінген Елбасы сайтында жарияланған жеделхатта.

Сондай-ақ Елбасы шебер ұйымдастырушы, сұңғыла сұхбатшы ретінде көпшіліктің ықыласына бөленген абзал азаматтың ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар